K 5 Classic

59801700 (10/23)
59801700 (10/23)
Құрылғыны алғашқы рет пайдалану алдында, осы қауіпсіздік бөлімін және осы түпнұсқалық пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз. Оған сәйкес әрекет етіңіз. Пайдалану бойынша түпнұсқа нұсқаулықты кейін пайдалану немесе кейінгі пайдаланушылар үшін сақтап қойыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқауларға қосымша құрылғы пайдаланылатын елдің қауіпсіздік техникасы мен қайғылы жағдайлардың алдын алудың жалпы нұсқауларын сақтау керек.
Құрылғыдағы нұсқаулары мен ескертулері бар тақтайша қауіпсіз пайдалануға арналған маңызды нұсқауларды береді.
Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Жарылыс қаупі бар аймақтарда пайдалануға тыйым салынады.
Еріткіштерді, құрамында еріткіштері бар сұйықтықты немесе сұйытылмаған қышқылдарды сіңірмеңіз. Оларға мысалы, бензин, бояуды еріткіштер немесе пеш отыны жатады. Аэрозоль булары жоғары уыттылыққа ие, жарылысқа қауіпті және улы.
Зақымдалған автокөлік қақпақтары/ниппель қақпақтары өмірге қауіпті. Автокөлік қақпақтарының/ниппель қақпақтарының жоғарғы қысыммен зақымдалуы мүмкін және жарылуы мүмкін. Мұның алғашқы себебі қақпақтың түсуінің өзгеруі болуы мүмкін. Қақпақтарды/қақпақтардың ниппелін тазалау кезінде бүріккіштердің мин. 30 см ара қашықтығын сақтау керек.
Әсер ету аймағында сәйкес қорғаныс киімдері жоқ адамдар болатын болса, құрылғыны қолданбаңыз.
Киімді немесе аяқ киімді тазалау үшін, өзіңізге жоғарғы қысым ағынын бағыттамаңыз.
Жоғарғы қысым ағынын адамдарға, жануарларға, белсенді электр жабдықтарына немесе құрылғының өзіне бағыттамаңыз.
Жоғарғы қысым ағынымен денсаулыққа қауіпті заттарды (мыс., асбест) қамтитын затты тазаламаңыз.
Әрбір іске қосу алдында құрылғыны және құрамдас бөліктерін тексеріңіз, мыс, жоғарғы қысым шлангінің, шашыратқыш пистолет пен қорғаныс құрылғысының сәйкес қалыпта және қауіпсіз пайдаланылатынын тексеріңіз. Зақымдалу болған жағдайда құрылғыны пайдалануға тыйым салынады. Зақымдалған компоненттерін дереу ауыстыру керек.
Тек қана өндіруші ұсынатын жоғарғы қысым шлангісін, арматураны және муфтаны пайдаланыңыз.
Жидіту қаупі. Жоғарғы қысым және беріліс шлангілері ажыратылған жағдайда, жұмыс істеген соң фитингтерден ыстық су ағуы мүмкін.
Қолданыстағы жарлықтарға сәйкес ауыз су желісінде құрылғыны ешқашан қорғаныс жүйесінсіз қолданбаңыз. Жоғарғы қысым жуғышы жалғанған су құбырына қосылымның EN 12729, ВА типіне сәйкес ажыратқыш жүйесімен жабдықталғанына көз жеткізіңіз.
Жүйелік ажырату автоматы арқылы өтетін су ауыз су болып табылмайды.
Құрылғыны жұмыс істеп тұрғанда қараусыз қалдырмаңыз.
Бүріккіштегі жоғарғы қысым ағыны пистолетке беріледі. Берік тіректі қамтамасыз етіңіз және жоғарғы қысым пистолеті мен шашыратқыш түтікті мықтап ұстап тұрыңыз.
Құрылғы түсіп кеткен кезде зақымдану және жарақат алу қаупі бар. Құрылғымен әрбір жұмыс істеген кезде оның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек.
Құрылғыны 0 °C-тан төмен температурада қолданбаңыз.
Ұшатын су немесе лас тамшыларынан өзіңізді қорғау үшін, қолайлы қорғайтын киімдерді және қорғаныш көзілдірігін пайдаланыңыз.
Құрылғыны пайдалану кезінде аэрозоль булары туындауы мүмкін. Бұл аэрозоль булармен тыныс алу денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. Пайдалануға байланысты толығымен экрандалған бүріккішті (мыс., үлкен беттерді жуғышты) қолдану сулы аэрозоль шығарылуын айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Толығымен экрандалған бүріккіштерді пайдалану мүмкін болмаса, тазаланатын беткейге байланысты аэрозоль буларымен тыныс алудың алдын алу үшін, FFP 2 немесе балама сыныпты сәйкес қорғану маскасын қолданыңыз.
I қорғаныс сыныбы бар құрылғыны сәйкес жерге тұйықталған қуат көзіне қосу керек.
Құрылғыны тек ауыспалы ток көзіне қосуға рұқсат етіледі. Зауыт тақтайшасында көрсетілген кернеу желі кернеуіне сәйкес келу керек.
Құрылғыны тек ақаулардан автоматты қорғаныспен (макс. 30 мА) пайдалануға рұқсат етіледі.
Ешқашан қуат ашасы мен электр розеткасын ылғалды қолмен ұстамаңыз.
Ұзартқыштың желі ашасы мен муфта су өтпейтін болу және суда болмау керек. Жалғаулық муфтаның еденде жатпауы керек. Розеткалардың мин. еденнен 60 мм жоғары биіктікте болуына кепілдеме беретін кабельдік барабандарды қолданыңыз.
Барлық ток беретін бөлшектері судың енуінен қорғалған болу керек.
Құрылғыны IEC 60364-1 стандартына сәйкес электрик маман орындаған қуат көзіне жалғаңыз.
Құрылғыны пайдаланбас бұрын, ашасы бар қуат сымы зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Егер сым зақымдалған болса, қандай да бір қауіпті болдырмау үшін, оны өндіруші, өкілетті қызмет көрсету орталығы немесе кәсіби электр маманы тарапынан ауыстырылуы керек.
Жаншу, қысу, созу немесе осыған ұқсас әрекетпен желі кабелін немесе ұзартқышты зақымдап алмауға тырысыңыз. Желі кабелін жоғарғы температура, май және өткір жиектер әсерінен қорғау керек.
Үйлесімді емес электр ұзартқыштарының қауіпті болуы мүмкін. Ашық ауада тек сертификатталған және кабельдің жеткілікті қимасы бар сәйкес түрде таңбаланған электр ұзартқышын ғана пайдаланыңыз: 1‑10 м: 1,5 мм2, 10‑30 м: 2,5 мм2
Әрқашан кабельді кабель барабанынан толығымен тарқатып алыңыз.
Ұзақ тоқтап тұрғанда және пайдаланып болған соң құрылғыны басты ажыратқышпен ажыратып, ашаны желіден суырыңыз.
Тазалау құралдарын үздіксіз пайдалану ауыр жарақаттарға немесе улануға әкелуі мүмкін.
Тазалау құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз.
Жеткізілетін немесе өндіруші ұсынатын тазалау құралдарын ғана пайдаланыңыз. Басқа тазалау құралдарын немесе химикалийді пайдалану құрылғы қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.
Күтім мен техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмысты орындамас бұрын құрылғы ашасын электр желісінен ажыратыңыз.
Электр бөліктерімен жұмысты және жөндеу жұмыстарын тек өкілетті қызмет көрсету қызметінің орындауына рұқсат етіледі.
Ацетонды, сұйытылмаған қышқылдарды немесе еріткіштерді қолданбаңыз, себебі олардың құрылғыда қолданылатын материалдарды зақымдауы мүмкін.
Жарақат пен төтенше жағдайлар қаупі. Тасымалдау және сақтау кезінде құрылғының салмағын есепке алыңыз, Пайдалану нұсқаулығындағы Техникалық сипаттар бөлімін қараңыз.
Тұншығу қаупі! Қаптама пленканы балалардан алыс ұстау қажет.
Құрылғыны тек нұсқауға сәйкес қолданыңыз. Жергілікті жағдайларды ескеріңіз және құрылғымен жұмыс істеген кезде, бөгде тұлғаларды, әсіресе балаларды қадағалаңыз.
Физикалық, сезгіштік немесе ақыл-ой қабілеті нашарлаған не тәжірибесі мен біліктілігі жетіспейтін тұлғаларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлға нұсқаулық берген және олар нәтижесінде пайда болуы ықтимал қауіптерді түсінген, құрылғы тиісті түрде бақыланған жағдайда ғана пайдалана алады.
Балаларға құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.
Балаларды бұйыммен ойнамайтындай етіп қадағалап тұрыңыз.
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған. Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе ажыратпаңыз.
Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.
Тазарту кезінде құрамында майы бар ақпасулар туындайтын жұмыстарды (мысалы, қозғалтқыштарын, түптерін жуу) майлы айырғышы бар жуу алаңдарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі.
Жуғыш құралдармен жұмыстарды кәрізге бұрылатын герметикалық жұмыс алаңдарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды су қоймаларына немесе жерге төкпеңіз.
Кейбір елдерде қоғамдық су қоймаларынан су алуға тыйым салынады.
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтерді мына мекенжай бойынша табуға болады: www.kaercher.de/REACH
Жууға арналған аппаратты тек үй шаруашылығына арналған қысымда ғана пайдалаңыз.
Қысыммен жуу аппараты машиналарды, тасымалдау құралдарын, құрылымдарды, құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бай-бақша жабдықтарын қысымды ағынның көмегімен тазалауға арналған.
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
** қосымша талап етіледі
Жетіспейтін немесе өзгертілген қорғаныс құрал-жабдықтары!
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.
Қауіпсіздік құрылғыларын айналып өтпеңіз, алып тастамаңыз немесе өшірмеңіз.
Ажыратқыш құрылғының кездейсоқ қосылуына кедергі болады.
Фиксатор жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттайды және құрылғының кездейсоқ іске қосылуына кедергі болады.
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігі жіберілген кезде сорғының пневматикалық ажыратқышы өшеді және жоғары тегеурінді ағыс тоқтайды. Тетікті басқан кезде сорғы қайтадан қосылады.
![]() | Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға, жануарларға, жұмыс істеп тұрған электрлік құрылғыға және құрылғының өзіне бағыттауға тыйым салынады. Құрылғыны аяздан қорғаңыз. |
![]() | Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу желісіне тікелей қосуға тыйым салынады. |
Пайдалануға енгізер алдында бекітілмеген бөлшектерді монтаждаңыз.
Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтаны су жеткізуге арналған жалғағышқа бұраңыз.
Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
Жоғары тегеурінді құбыршекті толық шешіп, ілмектер мен бұрылыстарды босатыңыз.
Жоғары тегеурінді құбыршекті құрылғыға жалғаңыз.
Муфтадағы қысқышты көтеріңіз.
Жоғары тегеурінді құбыршекті муфтаға салыңыз.
Муфтадағы қысқышты төменге басыңыз.
Жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді пистолетке ол естілетіндей дыбыспен сарт етіп жабылғанша сала беріңіз.
Бұрандалы түтіктің дұрыс қалыпта тұруын бақылаңыз.
Жоғары тегеурінді құбыршекті тартып, бекіністің сенімділігін тексеріңіз.
Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.
Сорғының құрғақтай жұмыс істеуі
Құрылғының зақымдануы
Егер құрылғыда 2 минут бойы қысым пайда болмаса, онда оны өшіріңіз жәнеАқаулар кезіндегі көмек- бөлімдегі нұсқауларды сақтаңыз.
Боялған немесе сезімтал беттердің зақымдалуы
Ағыстың жеткілікті қашықтығы сақталмаған жағдайда немесе тетік дұрыс таңдалмаған жағдайда беттері зақымдалады.
Боялған беттерді тазалау кезінде 30 см-ден кем емес шегіністі сақтаңыз.
Автомобиль шиналарын, лагын немесе сезімтал беттерін фреза көмегімен тазаламаңыз.
Тетікті жоғары тегеурінді пистолетке салыңыз және оны 90°-қа бұрай отырып, бекітіңіз.
Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттан ашыңыз.
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
Техникалық төлқұжатты сақтамау
Жуғыш құралдарды тиісінше пайдаланбаған жағдайда денсаулыққа ауыр зақым келеді.
Жуғыш құралдың өндірушісі құраған техникалық төлқұжатты, көбінесе жеке қорғаныс құралдары бойынша нұсқауларды қараңыз.
KÄRCHER тазалау құралдары үздіксіз жұмыс істеуге кепілдік береді. Сізге кеңес беруге рұқсат етіңіз немесе біздің каталогты немесе тазалағыш заттар туралы ақпараттық парақтарымызды сұраңыз.
Жуғыш құралды тек төменгі қысым кезінде араластыруға болады.
Корпустан жуғыш құралға арналған сору құбыршегінің қажетті ұзындығын тартыңыз.
Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін жуғыш құралдың ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Vario Power тетігін пайдаланыңыз.
Тетікті «SOFT» күйіне тірелгенше бұраңыз.
Жұмыс барысында жуғыш құралдың ерітіндісі су ағысына араластырылады.
Жуғыш құралды үнемдей отырып, құрғақ бетке шашыңыз және сіңуге қалдырыңыз (кептірмей).
Еріген балшықты жоғары тегеурінді ағыспен шайып тастаңыз.
Құрылғыны 30 секунд бойы таза сумен жуып тастаңыз.
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
Тетігі жіберілген кезде, құрылғы өшеді. Жүйеде жоғары қысым қалады.
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Жұмыс кезінде 5 минуттан аса үзілістерде құрылғыны өшіріп жүріңіз («0/OFF»).
Жүйедегі қысым
Күшті тегеурін кезінде су ағысынан жарақат алу
Жоғары тегеурінді құбыршекті жүйедегі қысымды тастағаннан кейін ғана ажыратыңыз.
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
Су құбырының шүмегін жабыңыз.
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін 30 секунд бойы басып тұрыңыз.
Жүйеде қалған қысым тасталады.
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін жіберіңіз.
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін бұғаттаңыз.
Құрылғыны су құбырының желісінен ажыратыңыз.
Құрылғыны өшіріңіз («0/OFF»).
Желі істікшесін розеткадан ажыратыңыз.
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Тұтқаны естілетін шыртылға дейін тартыңыз.
Құрылғыны тасымалдау тұтқасынан сүйреңіз.
Құрылғыны қисаймайтындай және құламайтындай етіп бекітіңіз.
Салмақтың сақталмауы
Жарақат алу және құрылғыны зақымдау қаупі
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Құрылғыны тегіс жазықтыққа орнатыңыз.
Жоғары тегеурінді пистолетте ажырату батырмасын басыңыз және жоғары тегеурінді құбыршекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажыратыңыз.
Шүмекті жоғары тегеурінді пистолеттен ажыратыңыз.
Бүріккіш түтіктің екеуін де, жоғары қысымды пистолетті де тиісті қоймаға қойыңыз.
Жоғары тегеурінді құбыршек құрылғыдан ажыратыңыз.
Уберите шланг высокого давления для хранения на устройстве.
Құрылғыдағы желі кабелін салыңыз.
Ұзақ сақтау алдында қосымша нұсқауларды, Күтім және техникалық қызмет көрсету бөлімін қараңыз.
Қатып қалу қаупі
Толығымен кептірілмеген құрылғының аяздан зақымдалуы мүмкін.
Құрылғы мен құрамдас бөліктерін толығымен құрғатып алыңыз.
Құрылғыны суық әсерінен қорғаңыз.
Мынаны орындау қажет:
Құрылғы су құбырынан ажыратылған.
Жоғары тегеурінді құбыршек ажыратылған.
Құрылғыны қосыңыз («I/ON»).
Жоғары тегеурінді жалғағыштан су ағып біткенше максимум 1 минут күтіңіз.
Құрылғыны өшіріңіз.
Құрылғыны жылыту бөлмесінде барлық жабдықтарымен бірге сақтаңыз.
Тоқпен зықымдалу қаупі
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді, яғни, оған қызмет көрсету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізу қажет емес.
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы електің зақымдалуы
Лас судың әсерінен құрылғының зақымдалуы
Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салмас бұрын зақымдарға тексеріңіз.
Қажет болған жағдайда, електі су жеткізуге арналған жалғағышта тазартыңыз.
Су жеткізуге арналған жалғағыштан муфтаны алып тастаңыз.
Електі кемпірауызбен шығарыңыз.
Електі су ағысының астында жуып алыңыз.
Електі су жеткізуге арналған жалғағышқа салыңыз.
Су жеткізуге арналған жалғағыш муфтасын бұраңыз.
Ұзақ сақтау кезеңінің алдында жуғыш құралға арналған сүзгіні тазалап тұрыңыз.
Жуғыш құралға арналған сорғыш құбыршектен сүзгіні алып тастаңыз.
Сүзгіні су ағысының астында жуып алыңыз.
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.
Тоқпен зықымдалу қаупі
Кернеу күйінде тұрған бөлшектермен байланыс кезіндегі зақымдар
Құрылғыны өшіріңіз.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз.
Құрылғы жұмыс істемейді
Шешім:
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігіне басыңыз.
Құрылғы қосылады.
Фирмалық тақтада көрсетілген кернеу қорек көзінің кернеуімен сәйкес келе ме, жоқ па, тексеріңіз.
Желі баусымын зақымдарға тексеріңіз.
Құрылғы қысым тудырмайды
Себеп:
Су жеткізу жеткіліксіз.
Шешім:
Су құбырының шүмегін толықтай ашыңыз.
Жеткілікті су мөлшері беріліп жатыр ма, жоқ па, тексеріңіз.
Шүмектің реттелімін тексеріңіз.
Максималды сору биіктігі асып кеткен жоқ па, тексеріңіз.
Себеп:
Су жеткізуге арналған жалғағыштағы елек ластанды.
Шешім:
Су жеткізуге арналған жалғағыштан електі кемпірауыздың көмегімен шығарыңыз.
Електі су ағысының астында жуып алыңыз.
Себеп:
Құрылғыдағы ауа.
Шешім:
Құрылғыны желдетіңіз:
Құрылғыны жалғанған шүмексіз максимум 2 минутқа қосыңыз.
Жоғары тегеурінді пистолетті басыңыз және су көпіршіксіз шықпағанша күтіңіз.
Шүмекті қосыңыз.
Қысымның күшті айырмасы
Шешім:
Жоғары тегеурінді саптаманы тазалау:
Саптаманың саңылауынан.
Жоғары тегеурінді саптаманы сумен жуып алыңыз.
Келген судың мөлшерін тексеріңіз.
Құрылғының саңылаулылығы
Шешім:
Құрылғының шағын саңылаулылығын оның конструкциясы қамтамасыз етеді. Күшті саңылаулылық кезінде авторландырылған сервистік қызметке жүгініңіз.
Жуғыш құрал сіңбейді
Шешім:
Vario Power шүмегін пайдаланыңыз және оны «SOFT» бағытына тірелгенге дейін бұраңыз.
Жуғыш құралға арналған сору құбыршегіндегі сүзгіні тазалаңыз.
Жуғыш құралға арналған сору құбыршегін иілуге тексеріңіз.
Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.
Қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады: www.kaercher.com/dealersearch
Электр желісіне қосу | |
Кернеу | 220-240 V |
Фаза | 1 ~ |
Жиілік | 50 Hz |
Желінің максимал қолжетімді толық кедергісі | 0,34 + j0,21 Ω |
Тұтынылатын тоқ | 8 A |
Қорғаныс класы | IPX5 |
Қорғау класы | II ![]() |
Желіні шамадан тыс жүктелуден қорғау (инерциялық) | 10 A |
Суды қосу | |
Енгізу қысымы (макс.) | 1,2 MPa |
Енгізу температурасы (макс.) | 40 °C |
Енгізу саны (мин.) | 10 l/min |
Сору биіктігі (макс.) | 0,5 m |
Құрылғының техникалық сипаттамалары | |
Жұмыс қысымы | 12,0 MPa |
Максималды қолжетімді қысым | 14,5 MPa |
Берілетін мөлшері, су | 6,7 l/min |
Максималды берілген мөлшері | 8,3 l/min |
Берілетін мөлшері, жуғыш құралдар | 0,3 l/min |
Жоғары тегеурінді пистолеттің кері тебу күші | 17 N |
Өлшемдері мен өнімдер | |
Типтік жұмыс салмағы | 7,0 kg |
Ұзындығы | 281 mm |
Ені | 274 mm |
Биіктігі | 461 mm |
EN 60335-2-79 стандартына сәйкес есептелінетін мән | |
Қолдағы дірілдің мәні | 2,3 m/s2 |
Белгісіздік K | 0,7 m/s2 |
Дыбыс қысымының деңгейі LpA | 77 dB(A) |
Белгісіздік KpA | 3 dB(A) |
Шу деңгейі LWA + белгісіздік KWA | 92 dB(A) |
Осымен төменде көрсетілген машина қауіпсіздік және денсаулық қорғау бойынша ЕО директиваларының талаптарына сәйкес келетіні мәлімдейміз. Бізбен келісусіз машинаның конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация өз күшін жояды.
Бұйым: Жоғарғы қысымды жуғыш
Типі: K 5 Classic
Қолданыстағы ЕО директивалары2000/14/EG
2006/42/EG (+2009/127/EG)
2011/65/EU
2014/30/EU
Қолданылатын біріздендірілген стандарттарEN 60335-1
EN 60335-2-79
EN 55014-1: 2017 + A11: 2020
EN 55014-2: 1997 + A1: 2001 + A2: 2008
EN 61000-3-2: 2014
EN 61000-3-11: 2000
EN IEC 63000: 2018
Сәйкестікті бағалаудың қолданбалы әдісі2000/14/EC: V қосымшасы
Дыбыс қуаттылығының деңгейі дБ(А)Өлшенді: 89
Кепілдік береді: 92
Қол қойғандар басқарманың тапсырмасы мен уәкілдігі бойынша әрекет етеді.
Құжаттаманы жүргізетін уәкілетті тұлға:
С. Райзер
Alfred Kärcher SE & Co. KG
Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40
71364 Winnenden (Германия)
Тел.: +49 7195 14-0
Телефакс: +49 7195 14-2212
Винненден, 01.10.2023
2-2-SC-A5-GS