LogoCVH 3 Anniversary Edition
  • Аккумуляторлық шаңсорғышқа арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулар
    • Қауіп деңгейлері
    • Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
    • Зарядтау құрылғысының қауіпсіздік нұсқаулары
      • Зарядтау құрылғысындағы белгілері
    • Аккумуляторға / аккумулятор жинағына арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулар
      • Аккумулятор жинағындағы белгілер
      • Тасымалдау барысында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
  • Пайдалану мақсаты
  • Қоршаған ортаны қорғау
  • Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер
  • Жеткізілім жинағы
  • Құрылғыны шолу
    • Зарядтағыш
  • Шаңсорғышты зарядтау
  • Пайдалану
    • Жарық диодты индикатор
  • Стандартты керек-жарақтар
  • Кепілдік
  • Тасымалдау
  • Сақтау
  • Күтім және техникалық қызмет көрсету
    • Сүзгі жиынтығы мен шаң жинағышты тазалау
  • Кедергілер болғанда көмек алу
    • Құрылғы жұмыс істемейді.

    • Құрылғы жұмыс істемейді.

    • Сору мүмкіндігі азаяды. / Қалыпты емес дыбыс немесе жұмыс кезіндегі қатты шу.

  • Техникалық мағлұматтар

      CVH 3 Anniversary Edition

      97749000 (08/24)

      Аккумуляторлық шаңсорғышқа арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулар

      Құрылғыны алғашқы рет пайдалану алдында, осы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларын және түпнұсқалық пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз. Осыған сәйкес әрекет етіңіз. Кітаптардың екеуін де кейін пайдалану немесе кейінгі пайдаланушылар үшін сақтап қойыңыз.

      • Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқауларға қосымша құрылғы пайдаланылатын елдің қауіпсіздік техникасы мен қайғылы жағдайлардың алдын алудың жалпы нұсқауларын сақтау керек.

      • Құрылғыдағы нұсқаулары мен ескертулері бар тақтайша қауіпсіз пайдалануға арналған маңызды нұсқауларды береді.

      • Құрылғының түріне байланысты аккумулятор/аккумулятор жинағы тұрақты орнатылып немесе ауыстырылып отырады. Тұрақты орнатылған аккумуляторды/ аккумулятор жинақтарын ауыстыруға болмайды. Сіздің құрылғыңызға қатысты құрылғыны пайдалану нұсқаулығын қараңыз.

      Аккумулятор бір сақтау элементінен, аккумулятор жинағы өзара байланысқан сақтау элементтерінен тұрады.

      Екі термин де келесі тарауларда синонимдік түрде қолданылады.

      Қауіп деңгейлері

      ҚАУІП

      Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.

      ЕСКЕРТУ

      Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал қауіпті жағдай бойынша нұсқау.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал қауіпті жағдай бойынша нұсқау.

      Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар

      ҚАУІП

      Тұншығу қаупі! Қаптама пленканы балалардан алыс ұстау қажет.

      ҚАУІП

      Жарылыс қаупі бар аймақтарда пайдалануға тыйым салынады.

      ҚАУІП

      Жарылыс қаупі

      • Жанғыш газдарды, сұйықтықтарды немесе шаңдарды шаңсорғышпен тазаламаңыз.

      • Реактивті металл шаңдарды (мысалы, алюминий, магний немесе мырыш) шаңсорғышпен тазаламаңыз.

      • Сұйылтылмаған сілтілерді немесе қышқылдарды шаңсорғышпен сормаңыз.

      • Өртенетін немесе тозаңдаушы заттарды шаңсорғышпен сормаңыз.

      Бұл заттар құрылғыда пайдаланылатын материалдарды қосымша тиіп кетуі мүмкін.

      ЕСКЕРТУ

      Құрылғыны тек нұсқауға сәйкес қолданыңыз. Жергілікті жағдайларды ескеріңіз және құрылғымен жұмыс істеген кезде, бөгде тұлғаларды, әсіресе балаларды қадағалаңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Физикалық, сезгіштік немесе ақыл-ой қабілеті нашарлаған не тәжірибесі мен біліктілігі жетіспейтін тұлғаларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлға нұсқаулық берген және олар нәтижесінде пайда болуы ықтимал қауіптерді түсінген, құрылғы тиісті түрде бақыланған жағдайда ғана пайдалана алады.

      ЕСКЕРТУ

      Құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау берілген немесе құрылғыны пайдалану мүмкіндігін растаған және осы мақсатқа нақты тағайындалған адамдарға ғана пайдалануға рұқсат етілген.

      ЕСКЕРТУ

      Балаларға құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.

      ЕСКЕРТУ

      8 жастан үлкен балалар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның тарапынан құрылғыны пайдалануға машықтанған немесе қадағаланған және құрылғыны пайдаланудан туындайтын қауіптерді түсінген жағдайда ғана құрылғыны пайдалана алады.

      ЕСКЕРТУ

      Балаларды бұйыммен ойнамайтындай етіп қадағалап тұрыңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Балалар тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын тек біреудің бақылауында орындай алады.

      ЕСКЕРТУ

      Қауіпті аймақтардағы тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз (мысалы, жанармай құю станциялары). Құрылғыны жарылыс қаупі бар жерлерде ешқашан пайдаланбаңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Құрылғыны тек нұсқауға сәйкес қолданыңыз. Жергілікті жағдайларды ескеріңіз және құрылғымен жұмыс істеген кезде, бөгде тұлғаларды, әсіресе балаларды қадағалаңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Бұйым ішінде электрлік құрамдас бөлшектер бар, сондықтан оны ағынды су астында тазалауға болмайды.

      ЕСКЕРТУ

      Жарақат алу қаупі. Шүмегі мен сору түтігін басының жанында сормаңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Кездейсоқ қосылуын болдырмаңыз. Құрылғыны көтеру немесе тасымалдау алдында, аккумулятор жинағын қоспас бұрын, қосу/өшіру қосқышы өшірілген күйде екеніне көз жеткізіңіз.

      ЕСКЕРТУ

      Құрылғыны сыртта немесе автомобиль ішінде зарядтауға немесе сақтауға тыйым салынады.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған. Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе ажыратпаңыз.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Алдында құлап түскен, зақым белгілері бар немесе ағатын жерлері бар бұйымды қолдануға болмайды.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Құрылғыны жұмыс істеп тұрғанда қараусыз қалдырмаңыз.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Құрылғыны тек сипаттамаға және суретке сай пайдаланыңыз немесе сақтаңыз.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Жазатайым оқиғаларды немесе жарақаттануды болдырмас үшін, көлік құралының салмағына назар аударыңыз.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Құрылғы түсіп кеткен кезде зақымдану және жарақат алу қаупі бар. Құрылғымен әрбір жұмыс істеген кезде оның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Құрылғыға ешқандай өзгерістер енгізбеңіз және тек қана өндіруші ұсынатын құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Кең киім, шаш немесе зергерлік бұйымдар құрылғының қозғалмалы бөліктеріне түскен жағдайда жарақат алу қаупі бар. Киім мен зергерлік бұйымдарды машинаның қозғалмалы бөліктерінен алыс ұстаңыз. Ұзын шашты буып қойыңыз.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      Құрылғыны 0 °C-тан төмен температурада қолданбаңыз.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      Ешқашан сүзгісіз шаң сормаңыз, құрылғы зақымдалуы мүмкін.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      Құрылғыны тек бөлме ішінде пайдаланыңыз.

      Зарядтау құрылғысының қауіпсіздік нұсқаулары

      ҚАУІП

      Ешқашан қуат ашасы мен электр розеткасын ылғалды қолмен ұстамаңыз.

      ҚАУІП

      Жарылыс қаупі. Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз.

      ҚАУІП

      Зарядтау құрылғысын жарылғыш ортада қолданбаңыз.

      ҚАУІП

      Бұйымның зарядтау ұясына ешқашан ток өткізгіш заттарды, мысалы, гайка бұрауыш және т.с.с. бұйымдарды салмаңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Бұйымды тек жеткізілім жинағына кіретін түпнұсқа зарядтағыш құрылғымен немесе KÄRCHER компаниясы рұқсат еткен зарядтағыш құрылғымен зарядтаңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Қуат сымын жылудан, үшкір шеттен, майдан және құрылғының қозғалатын бөліктерінен қорғаңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Зарядтау құрылғысын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстары тек білікті қызметкерлермен орындалады.

      ЕСКЕРТУ

      Зарядтағыш құрылғыны тек рұқсат етілген аккумуляторларды зарядтау үшін қолданыңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Зақым тиген зарядтағыш құрылғыны зарядтау кабелімен бірге түпнұсқа қосалқы бөлшекпен дереу алмастырыңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Бұйым ішінде электрлік құрамдас бөлшектер бар, сондықтан оны ағынды су астында тазалауға болмайды.

      ЕСКЕРТУ

      Аккумулятор жинағын 24 сағаттан артық үздіксіз зарядтауға тыйым салынады.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Зарядтағышты дымқыл немесе кір күйінде қолданбаңыз.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Зарядтау құрылғысының желдету саңылауларын бос ұстаңыз.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Ашаны розеткадан қуат беру сымынан тартып шығармаңыз.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Құрылғыны қуат сымы арқылы алып жүрмеңіз/тасымалдамаңыз.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      Қысқа тұйықталу қаупі. Аккумулятор ұстағышының контактілерін металл бөлшектерден қорғаңыз.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      Зарядтағыш құрылғыны тек құрғақ жерде қолданып сақтаңыз.

      Нұсқау

      Қай зарядтау құрылғысы/адаптер түрін пайдалану қажеттігі туралы мәліметтер берілген зарядтау құрылғысының фирмалық тақтайшасында және/немесе құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығындағы техникалық деректерде берілген.

      Зарядтау құрылғысындағы белгілері

      (Зарядтау құрылғысына байланысты)

      Құрылғыны ылғалдан қорғаңыз. Құрылғыны құрғақ жерде сақтаңыз. Құрылғыны жаңбырға ұшыратпаңыз. Құрылғы үйде қолдану үшін ғана жарамды.
      Құрылғыда кіріктірілген сақтандырғыш бар. Ампер бойынша мән (X) тиісті зарядтау құрылғысында орналасқан.
      Құрылғы II класты қорғау талаптарына жауап береді.

      Аккумуляторға / аккумулятор жинағына арналған қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулар

      ҚАУІП

      Аккумулятор жинағын ықтимал жарылғыш ортада зарядтамаңыз.

      ҚАУІП

      Аккумуляторларды отқа немесе үй қоқысына тастамаңыз.

      ҚАУІП

      Ақаулы аккумулятордан аққан сұйықтықпен жанасуға жол бермеңіз. Сұйықтық тиген жағдайда бірден сумен шайып қойыңыз да, көзге тиген жағдайда дәрігерге де қаралыңыз.

      ҚАУІП

      Жарылыс қаупі. Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Аккумулятор жинағы кернеуінің пайдаланылатын құрылғының фирмалық тақтайшасындағы мәліметке сәйкес келетіндігін тексеріңіз.

      ЕСКЕРТУ

      Әр пайдалану алдында аккумулятор жинағында зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымдалған аккумулятор жинақтарын пайдаланбаңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Зақымдалған аккумулятор жинақтарын зарядтауға болмайды.

      ЕСКЕРТУ

      Зақымдалған аккумулятор жинақтарын KÄRCHER компаниясы рұқсат еткен аккумулятор жинақтарымен алмастырыңыз.

      Аккумулятор кірістірілген құрылғыларға қатысты емес.

      ЕСКЕРТУ

      Аккумулятор жинағын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстары тек білікті қызметкерлермен орындалады.

      ЕСКЕРТУ

      Аккумулятор жинағын тек бекітілген зарядтау құрылғыларымен зарядтаңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Аккумуляторды қараусыз зарядтамаңыз. Зарядтау процесінің барысында аккумулятордың және зарядтау құрылғысының күйін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Егер зарядтау кезінде ақауды, әдеттегіден тыс иістерді немесе жылудың пайда болуын байқасаңыз, зарядтау құрылғысын желіден, ал аккумуляторды зарядтау құрылғысынан ажыратыңыз және зарядтау құрылғысы мен аккумуляторды ары қарай пайдаланбаңыз. Өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

      ЕСКЕРТУ

      Берік қондырылған аккумуляторларды шығармаңыз.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Қысқа тұйықталу қаупі. Аккумулятор жинағының металл бөлшектермен жанасуынан қорғаңыз.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Аккумулятор жинағын дымқыл немесе кір күйінде қолданбаңыз. Қолданар алдында аккумулятор жинағы мен коннекторларды толық құрғатыңыз.

      АБАЙЛАҢЫЗ

      Кез келген техникалық қызмет және күтім көрсету жұмыстарын жүргізу алдында аккумулятор жинағын құрылғыдан суырып алыңыз.

      Аккумулятор кірістірілген құрылғыларға қатысты емес.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      Қысқа тұйықталу қаупі. Аккумуляторларды металл заттармен бірге сақтауға болмайды.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      Аккумулятор жинағын суға батырмаңыз.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      Аккумулятор жинағын қызудан, өткір жиектерден, май және жылжымалы бөліктерден сақтаңыз.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      Аккумулятор жинағына механикалық әсер етуін болдырмаңыз.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      Аккумулятор жинағын құрғақ ортада сақтаңыз.

      Аккумулятор жинағындағы белгілер

      (Құрылғыға / аккумулятор түріне байланысты)

      Аккумуляторды суға тастамаңыз.
      Аккумуляторды отқа тастамаңыз.
      Ақаулы аккумулятор жинақтарын зарядтамаңыз.
      Аккумулятор жинағын тек мақұлданған зарядтағыштармен бірге пайдаланыңыз. Қай зарядтау құрылғысы/адаптер түрін пайдалану қажеттігі туралы мәліметтер берілген зарядтау құрылғысының фирмалық тақтайшасында және/немесе құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығындағы техникалық деректерде берілген.

      Тасымалдау барысында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

      Литий-ион аккумуляторы қауіпті тауарлар туралы заң талаптарына сай.

      Зақымдалмаған және ақаусыз жұмыс істейтін аккумулятор жинағын пайдаланушы қоғамдық трафик аймағында шектеусіз тасымалдайды.

      Үшінші тараптармен тасымалдау кезінде (тасымалдау компаниялары) орау мен таңбалауға қойылатын ерекше талаптарды орындаңыз.

      Корпусы бүлінбеген аккумулятор жинағын ғана жіберіңіз.

      Ашық контактілерді жабыңыз.

      Аккумулятор жинағын мықтап және қауіпсіз ораңыз. Аккумулятор жинағы орамда қозғалмауы керек.

      ҚАУІП

      Ақаулы немесе жұмыс істемейтін аккумулятор жинағын жіберуге болмайды және оны жергілікті нұсқауларға және қолданыстағы ережелерге сәйкес кәдеге жарату керек.

      Ұлттық ережелерді сақтаңыз.

      Пайдалану мақсаты

      Бұл әмбебап шаңсорғыш коммерциялық мақсатта емес, үйде жеке пайдалануға арналған. Дұрыс емес пайдалану немесе дұрыс пайдаланбау салдарынан болуы мүмкін кез келген зақым үшін өндіруші жауапкершілік алмайды. Әмбебап шаңсорғышты мыналармен ғана пайдаланыңыз:

      • түпнұсқа сүзгілер;

      • түпнұсқа қосалқы бөлшектер, керек-жарақтар және арнайы керек-жарақтар.

      Әмбебап шаңсорғыш мыналар үшін жарамсыз:

      • адамдарды немесе жануарларды тазалау;

      • шаңсорғышпен тазалау:

        • шағын тіршілік иелері (мысалы, шыбындар, өрмекшілер және т.б.);

        • денсаулыққа зиянды, өткір жиектері бар немесе ыстық немесе жанып жатқан заттар;

        • ылғал немесе сұйық заттар;

        • жанғыш немесе жарылғыш заттар мен газдар.

      ЕСКЕРТУ

      Балаларға бұл құрылғымен ойнауға тыйым салынады.

      Қоршаған ортаны қорғау

      Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

      Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.

      Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)

      Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтерді мына мекенжай бойынша табуға болады: www.kaercher.de/REACH

      Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер

      Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.

      Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.

      Жеткізілім жинағы

      Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.

      Құрылғыны шолу


      1. ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
      2. Тұтқа
      3. Батарея индикаторы
      4. Шаң жинағыш
      5. Сүзгі қақпағы
      6. HEPA сүзгісі (2x)
      7. Болаттан жасалған тор сүзгі
      8. Қуысты қондырма 1-еуде 2-еу
      9. Зарядтау кабелі
      10. Зарядтағыш
      11. Сақтау қабы

      Зарядтағыш

      ЕСКЕРТУ

      Бұйымды тек жеткізілім жинағына кіретін түпнұсқа зарядтағыш құрылғымен немесе KÄRCHER компаниясы рұқсат еткен зарядтағыш құрылғымен зарядтаңыз.

      Келесі адаптерді қолданыңыз:

      • Қолданба түрі

        CVH Anniversary Edition: 1,198–355,0


      9,796–743,0

       

      Шаңсорғышты зарядтау

      Нұсқау

      • Зарядтау кезінде құрылғы жұмыс істемейді.

      • Зарядтау уақыты шамамен 3–4 сағат.

      • Алғаш қолданар алдында құрылғыны толық зарядтау керек.

      1. Зарядтау кабелінің екі USB аша қосқышын құрылғы мен зарядтағыштың зарядтау портына салыңыз.

      2. Зарядтағышты розеткаға қосыңыз.


      3. Зарядтау процесі аяқталғанда, қуат ашасын розеткадан ажыратыңыз.

      Пайдалану

      • Шаңды / кірді сорып алу үшін ҚОСУ / ӨШІРУ түймесін басыңыз.


      • Толық жылдамдықпен соратын және энергияны үнемдеу режимін қолданатын 2 сору режимі бар.

      Жарық диодты индикатор

      Төмендегі кестеде құрылғыдағы жарық диодты индикаторлардың мағыналары сипатталған:

      Жарық диодты индикатор
      Сипаттама
      Жарық диоды тоқтаусыз жанып тұрады
      Құрылғы қосулы
      Батарея қуаты толық зарядталған
      Жарық диоды қызыл болып жыпылықтайды
      Батарея қуаты аз
      Батарея қуаты зарядталып жатыр

      Стандартты керек-жарақтар

      • Жұмсақ жиһазды, матрастарды, шілтер перделерді және т.б. тазалау үшін 2-де 1 саңылау саптамасын бекітіңіз.



      1. Бұл нәзік заттарды, мысалы, кітап сөрелерін, қолөнер бұйымдарын және т.б. мұқият тазалау үшін қолданылады.
      2. Бұл қосылыстарды, есіктер мен терезелер арасындағы ойықтарды, ұсақ саңылауларды және т.б. тазалау үшін қолданылады.

      Кепілдік

      Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз.

      Қосымша ақпаратты мына жерден табуға болады: www.kaercher.com/dealersearch

      Кепілдік туралы қосымша ақпаратты (бар болса) жергілікті Kärcher веб-сайтының «Жүктеулер» бөліміндегі қызмет көрсету бөлімінде табуға болады.

      Шығару күні фирмалық тақтайшада MM/YYYY пішімінде көрсетіледі, мұнда MM - өндіріс айы, YYYY - шығарылған жылы немесе кодталған түрде.

      Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:
      Мысалы: 30290
      3  Өндірілген жылы
      0  Өндірілген ғасыры
      2  Өндірілген онжылдық
      9  Өндірілген айының екінші саны
      0  Өндірілген айының бірінші саны
      Сонымен бұл мысалда 30290 коды 09/(2)023 өндірілген күнін білдіреді.

      Тасымалдау

      Аккумулятор халықаралық тасымалдаудың тиісті ережелеріне сәйкес тексерілген және оны тасымалдауға/жөнелтуге болады.

      Сақтау

      Нұсқау

      • Құрылғыны құрғақ бөлмеде сақтаңыз.

      • Құрылғыны сақтау кезінде оның салмағын ескеріңіз.

      1. Пайдаланғаннан кейін шаңсорғышты, зарядтау кабелін, зарядтағышты және 2-і 1-саңылау саптасын сақтау қабында сақтаңыз.

      2. Сақтау қабын сыммен жабыңыз.

      Күтім және техникалық қызмет көрсету

      Нұсқау

      • Құрылғыны тек барлық сүзгілер мен шаң жинағыш орнатылған кезде ғана қолданыңыз.

      • Ақаулы сүзгілер мен бұдан әрі тазаланбайтын сүзгілерді ауыстыру керек.

      Құрылғыда кез келген жұмысты жасамас бұрын:

      1. Құрылғыны өшіріңіз.

      2. Қуат көзін розеткадан ажыратыңыз.

      Сүзгі жиынтығы мен шаң жинағышты тазалау

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      HEPA сүзгісін дұрыс тазаламау

      HEPA сүзгісінің зақымдалуы

      HEPA сүзгісін кір жуғыш машинада тазаламаңыз.HEPA сүзгісін шаш кептіргішпен құрғатпаңыз.

      НАЗАР АУДАРЫҢЫ

      Денсаулыққа төнетін қауіп

      Құрылғыдағы HEPA сүзгілері толық құрғатылмаса зеңдер мен споралар көбейіп кетуі мүмкін.

      Орнату кезінде HEPA сүзгісінің толық құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.

      HEPA сүзгісі шығарылған ауаның таза болуын қамтамасыз етеді.

      • HEPA сүзгісін, егер ол кір болса, тазалаңыз.

      • HEPA сүзгісін, егер ол зақымдалған болса, ауыстырыңыз.

      • Құрылғыны пайдалануыңызға байланысты HEPA сүзгісін әр 6 ай сайын ауыстырып отыруды ұсынамыз.

      1. Шаң жинайтын контейнердің құлпын ашыңыз.


      2. Шаң жинайтын контейнерден сүзгі жинағын ажыратыңыз. Сүзгі қақпағын сағат тіліне қарсы бұраңыз. Сүзгі қақпағын алыңыз, HEPA сүзгісін болат сүзгіден ажыратыңыз.


      3. HEPA сүзгісін тазалаңыз және HEPA сүзгісінен кірді абайлап шығарыңыз/қағыңыз.


      4. Шаң жинағышты босатып, оның ішін шүберекпен сүртіңіз.


      5. Сүзгі қақпағын, болаттан жасалған сүзгіні, HEPA сүзгісін және шаң жинағыш контейнерді ағын судың астында жуыңыз.


      6. Сүзгі қақпағын, болаттан жасалған сүзгіні, HEPA сүзгісін және шаң жинағыш контейнерді толық кептіріңіз.


      7. Сүзгі жинағын шаң жинағыш контейнерге салыңыз, содан кейін шаң жинағыш контейнерді сағат тілімен бұрап, орнына бекітіңіз.


      Кедергілер болғанда көмек алу

      Кемшіліктердің себебін астыда көрсетілген тізімге сәйкес Өзіңіз жоя алуыңыз мүмкін. Күдікті жағдайларда немесе осында аталған емес себебі жағдайларда Қызмет Көрсету бөлімінің арнайы мамандарымен хабарласыңыз.

      • Құрылғы жұмыс істемейді. 

      • Құрылғы жұмыс істемейді. 

      • Сору мүмкіндігі азаяды. / Қалыпты емес дыбыс немесе жұмыс кезіндегі қатты шу. 

      Құрылғы жұмыс істемейді.

      Себеп:

      Батарея заряды бітуге жақын.

      Шешім:

      1. Батареяны зарядтаңыз.

      Құрылғы жұмыс істемейді.

      Себеп:

      Құрылғының қызып кету қаупі бар.

      Шешім:

      1. Шаң жинағыштың бітелгенін тексеріңіз.

      2. Шаң жинағышты тазалаңыз.

      3. Құрылғыны қайтадан қосыңыз.

      Сору мүмкіндігі азаяды. / Қалыпты емес дыбыс немесе жұмыс кезіндегі қатты шу.

      Себеп:

      Шаң жинағыш толы.

      HEPA сүзгісінің жинағы бітелген.

      Шешім:

      1. Шаң жинағышты тексеріңіз.

      2. Сүзгіні тексеріп, тазалаңыз.

      Техникалық мағлұматтар

        

      Электр желісіне қосу
      Желі жиілігі
      50 - 60 Hz
      Желілік кернеу
      100 - 240 V
      Аккумулятор кернеуі
      5 V
      Батарея кернеуі
      7,2 V
      Батарея толығымен зарядсызданған кездегі зарядтау уақыты
      180–240 минуттар
      Батарея сыйымдылығы
      2500 mAh
      Батарея түрі
      Li-ion
      Қорғау класы
      II
      Номиналды қуат
      100 W
      Құрылғының техникалық сипаттамалары
      Шаң жинағыштың тиімді көлемі
      0,15 l
      Вакуум (мин.)
      12 kPa
      Қалыпты жұмыс кезінде батарея толық болғандағы жұмыс уақыты
      ≤ 20 минуттар
      Сүзгі түрі
      HEPA 12 (EN1822:1998)
      Дыбыстық шуылдың деңгейі LЫлғал таратқыштық
      78 dB(A)
      Өлшемдері мен өнімдер
      Салмағы (толымдаушыларсыз)
      0,52 kg
      Ұзындығы
      380 mm
      Ені
      76 mm
      Биіктігі
      76 mm
      <BackPage>

       

        

       



      </BackPage>