SARY JAN ПРОМО КАМПАНИЯСЫ

2026 жылдың 15 маусымы мен 30 қыркүйегі аралығында бағдарламаға қатысатын барлық ресми Kärcher сату орындарында сатып алуды барынша тиімді етуге көмектесетін «Сары Жан» арнайы ұсынысы әрекет етеді. Ол үшін киіміңізге көзге түсетін сары элемент қоссаңыз болғаны.

Kärcher тұрмыстық техникасы мен аксессуарларын 5% қосымша жеңілдікпен алыңыз, себебі ол қолданыстағы басқа жеңілдіктерге қосымша беріледі. Сонымен қатар, K Silent шағын жуғышы, KST 2 бу тазалағышы немесе WD 3 шаруашылық шаңсорғышы сияқты жүлделердің бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз.

Қосымша 5% жеңілдікті қалай алуға болады?

1. Дресс-код ережесін ұстаныңыз

Жеңілдік алу үшін сары түсті дресс-кодты ұстану жеткілікті. Сатып алуыңыз барынша жайлы өтуі үшін мына қарапайым шарттарға назар аударуыңызды сұраймыз:

Не жарамды: Кез келген көзге түсетін киім (мысалы: футболка, худи, күртеше, шорт, шалбар немесе көйлек). Киімде сары түс негізгі немесе басым болуы тиіс.

Не жарамсыз: Ұсақ, жасырын немесе киімге жатпайтын заттар. Телефонның сары қабы, смартфон экранындағы сурет, ұсақ әшекейлер (сақина, сағат), шұлық немесе кепка үшін жеңілдік қарастырылмаған.

2. Техниканы таңдап, саудаңызды рәсімдеңіз

Енді сізге сатушыларымыздан кәсіби кеңес алып, Kärcher-дің тұрмыстық техникасын немесе фирмалық аксессуарларын таңдап, саудаңызды қосымша пайдамен алып кету ғана қалады.

Жеңілдікті қолдану және қосу ережелері.

«Сары Жан» бағдарламасы бойынша қосымша 5% жеңілдік жеке тұлғалардың саудасына қолданылады және дүкендердегі барлық ағымдағы жеңілдіктермен қосылады. Егер сіз таңдаған тауарға қазірдің өзінде жеңілдік болса, сіз оны одан да тиімді бағаға аласыз — қосымша 5% жеңілдік тауардың ағымдағы бағасына қолданылады.

Сонымен қатар бұл ұсыныс басқа адалдық бағдарламаларымен біріктірілмейді. «Сары Жан» жеңілдігі мына акциялармен және бағдарламалармен бірге қолданылмайды: «Туған күнге жеңілдік» акциясы; Trade-In бағдарламасы; Kärcher стандартты адалдық картасы бойынша бонустар.

Жүлде ұтысына қалай қатысуға болады?

«Сары Жан» бағдарламасы бойынша Kärcher техникасын сатып алған әрбір клиент кассадан кепілді сыйлыққа — конвертке салынған брендтік ашықхатқа ие болады.

Жүлде ұтысына қатысу үшін мына үш қарапайым қадамды орындаңыз:

1.      Суретке түсіріңіз: Кассадан алған «Сары Жан» ашықхатын қолыңызға ұстап, сары түсті киіміңізбен суретке түсіңіз.

2.      Stories-те бөлісіңіз: Осы фотоны Instagram-дағы жеке парақшаңыздың Stories-іне жүктеңіз.

3.      Бізді белгілеңіз: @karcher_qazaqstan ресми парақшасына жазылып, оны белгілеңіз. Егер құрылғыны дилерден сатып алсаңыз, оның да ресми парақшасына жазылып, қосымша белгілеуді ұмытпаңыз.

Шарттардың орындалғаны тексерілген соң, модераторымыз қатысқаныңызды растау үшін сізге Direct арқылы жазады.

Қатысушыларға арналған маңызды ережелер мен талаптар

Ұтыс ойынының әділ өтуі үшін мынадай міндетті шарттарды белгіледік:

Ашық аккаунт: Науқан кезінде және модератор тексерген уақытта Instagram парақшаңыз ашық болуы тиіс. Егер парақшаңыз жабық болса, біз техникалық тұрғыдан Stories-тегі белгілеуіңізді көре алмаймыз және сізді қатысушы ретінде тіркей алмаймыз.

Адал ойын: «Бір адам — бір аккаунт» қатаң ережесі қолданылады. Бір адамның әртүрлі парақшалардан (соның ішінде туыстарының немесе достарының парақшаларын пайдаланып) қайта қатысуына жол берілмейді.

Жас шектеулері: Ұтыс ойынына 18 жасқа толған және одан асқан адамдар ғана қатыса алады.

Географиясы: Адалдық бағдарламасы мен жүлделер ұтысы тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана әрекет етеді. Назар аударыңыз, ұтып алған аппараттарды жөнелту және табыстау тек ҚР шекарасы аумағында ғана жүзеге асырылады.

Ұтыс ойынының қорытындысы мен жүлделері

Жеңімпаздар тәуелсіз рандомайзер арқылы кездейсоқ түрде анықталады. Ұтыс ойыны 2026 жылдың 1 қазанында @karcher_qazaqstan ресми аккаунтының тікелей эфирінде өтеді.

Біздің жүлделеріміз:
1-орын: Инновациялық Kärcher K Silent шағын жуу аппараты (артикул: 1.600-956.0).

2-орын: Әмбебап Kärcher KST 2 бу тазалағышы (артикул: 1.512-601.0).

3-орын: Қуатты Kärcher WD 3 шаруашылық шаңсорғышы (артикул: 1.628-170.0).


«Сары Жан» адалдық бағдарламасы 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады, бірақ ең сұранысқа ие акциялық техника модельдері әдетте бірінші болып сатылып кетеді. Тазалық пен жайлылықты кейінге қалдырмаңыз. Гардеробыңызды тексеріп, сүйікті сары киіміңізді таңдаңыз да, Kärcher-ге саудаға аттаныңыз.

Жарқын болыңыз — тиімді сатып алыңыз!

Промо кампания Sary Jan

С 15 июня по 30 сентября 2026 года во всех официальных точках продаж Kärcher, участвующих в программе, действует специальное предложение «Сары Жан», которое поможет сделать покупку максимально выгодной. Вам достаточно лишь добавить заметный жёлтый элемент одежды в ваш образ.

Забирайте бытовую технику и аксессуары Kärcher с дополнительной скидкой 5%, ведь она суммируется с текущими скидочными предложениями. А также получайте возможность выиграть один из призов: мини-мойку K Silent, пароочиститель KST 2 или хозяйственный пылесос WD 3.

Как получить дополнительную скидку 5%?

1. Соблюдайте правила дресс-кода

Для получения скидки достаточно соблюдать жёлтый дресс-код. Чтобы покупка со скидкой прошла максимально комфортно, обратите внимание на эти простые критерии:

Что подходит: Любой заметный элемент одежды (например: футболка, худи, куртка, шорты, брюки или платье). Жёлтый цвет должен быть базовым или преобладающим в этой вещи.

Что не подходит: Мелкие, скрытые или нетекстильные детали. Мы не сможем предоставить скидку за жёлтый чехол телефона, заставку на экране смартфона, мелкие украшения (кольца, часы), носки или кепки.

2. Выберите технику и оформите покупку

Теперь вам остается лишь получить профессиональную консультацию от наших продавцов, выбрать бытовую технику или фирменные аксессуары Kärcher и забрать свою покупку с дополнительной выгодой.

Правила применения и суммирования скидки.

Дополнительная скидка 5% по программе «Сары Жан» распространяется на покупки физических лиц и суммируется со всеми текущими скидочными предложениями в магазинах. Если выбранный вами товар уже продается со скидкой, то вы приобретаете его еще выгоднее — экстра-скидка 5% применится к текущей сниженной цене.

При этом данное предложение не объединяется с другими программами лояльности. Скидка «Сары Жан» не действует совместно с: акцией «Скидка в день рождения»; программой Trade-In; бонусами по стандартной карте лояльности Kärcher.

Как принять участие в розыгрыше призов?

Каждый покупатель, приобретающий технику Kärcher в рамках программы «Сары Жан», получает на кассе гарантированный подарок — брендированную открытку в конверте.

Чтобы принять участие в розыгрыше призов, выполните три простых действия:

1.      Сделайте фото: Сфотографируйте свой жёлтый образ, обязательно держа в руках полученную на кассе открытку «Сары Жан».

2.      Опубликуйте в Stories: Выложите это фото в Stories своего личного аккаунта в Instagram.

3.      Отметьте нас: Добавьте отметку и подпишитесь на официальный аккаунт @karcher_qazaqstan, если покупка была совершена в магазине дилера, дополнительно добавьте отметку и подпишитесь на их официальный аккаунт.

После проверки условий наш модератор свяжется с вами в Direct для подтверждения вашего участия.

Важные правила и требования к участникам

Чтобы розыгрыш прошел честно, мы зафиксировали обязательные критерии:

Открытый аккаунт: На время проведения акции и проверки модератором ваш профиль в Instagram должен быть открытым. Если аккаунт закрыт, мы технически не увидим вашу отметку в Stories и не сможем зарегистрировать вас.

Честная игра: Действует строгое правило «один человек — один аккаунт». Повторное участие одного и того же лица с разных профилей (включая использование аккаунтов родственников или друзей) не допускается.

Возрастные ограничения: К участию допускаются лица строго в возрасте 18 лет и старше.

География: Программа лояльности и розыгрыш призов действуют только на территории Республики Казахстан. Обратите внимание, что отправка и вручение выигранных аппаратов возможны исключительно в пределах границ РК.

Итоги розыгрыша и призы

Победители будут определены случайным образом с помощью независимого рандомайзера. Розыгрыш состоится 1 октября 2026 года в прямом эфире официального аккаунта @karcher_qazaqstan.

Наши призы:
1 место: Инновационная мини-мойка Kärcher K Silent (артикул: 1.600-956.0).

2 место: Универсальный пароочиститель Kärcher KST 2 (артикул: 1.512-601.0).

3 место: Мощный хозяйственный пылесос Kärcher WD 3 (артикул: 1.628-170.0).

Программа лояльности «Сары Жан» продлится до 30 сентября 2026 года, но самые востребованные акционные модели техники обычно разбирают первыми. Не откладывайте чистоту и уют на потом. Проверьте свой гардероб, выбирайте любимую жёлтую вещь и отправляйтесь за покупками в Kärcher.

Будь ярким — покупай выгодно!